TuranART халықаралық ғылыми көркемөнер порталы
Ел тынысыЖаңалықтарЖасанды интеллектИнновацияМәдениет

Цифрлық өркениет дәуіріндегі Қазақстан

2025 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты Жолдауы  – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және мәдени даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Бұл Жолдау жаңа өркениеттік кезеңге өтудің идеологиялық, философиялық және практикалық негізін қалайды.

Жолдаудағы бастытұжырым – «цифрландыру мен жасанды интеллекттіңдамуы – баламасыз процесс». Ақпарат қоғамында мәдениет тек материалдық немесе рухани құбылыс емес, сандық кодтар арқылы репрезентацияланатын ақпараттық жүйе.

«Жасанды интеллект: қауіп пе, әлде мүмкіндік пе»?- деген сұрақ өзекті мәселе ретінде жан-жақты қарастырылды.

Президент Қ.К.Тоқаев бұл бағытта айқын ұстаным білдірді: «Басқа балама жоқ. Жасанды интеллект бүкіл әлемнің өмір салтын түбегейлі өзгертеді. Біз бұған дайын болуымыз керек».Демек, Қазақстан цифрлық өркениетке тек тұтынушы емес, өндіруші және басқарушы ел ретінде қадам басуы тиіс. Бұл үшін үкіметке арнайы жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру, цифрлық кодекс қабылдау, экономиканы толық цифрландыру міндеттері жүктелді.

Жаңа министрліктің құрылуы – техникалық реформа ғана емес, мәдени парадигманың ауысуы. Өйткені цифрлық дәуірдің негізі – ақпарат мәдениеті, этика және жауапкершілік.

Цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы тек экономикаға емес, қоғамның рухани құрылымына да әсер етеді. Бұл туралы президент ерекше атап өтті: «Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жастардың дүниетанымы мен мінез-құлқына әсер етеді». Осы тұрғыдан алғанда, мәдениет пен білім саласы цифрлық дәуірдің ең басты майданына айналады.

Президент экономикалық саясатта да жаң көзқарас ұсынды. Бұдан былай инвестиция тек шикізатқа емес, өңдеу және жоғары технологиялық өндірістерге бағытталуы керек.
Бұған қоса, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетін құру және ұлттық қорды тұрақты даму құралы ретінде қайта қарау ұсынысы – экономикалық тәуелсіздікті арттырудың нақты тетігі болмақ.

Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық бағыттың түп мәні – ұлттық болмысты жоғалтпай, технологиялық әлемге бейімделу.
Жасанды интеллект дәуіріндегі басты сұрақ: «Технология адамға қызмет етеме, әлде адам технологияға бағына ма?»

Президент Қ.К.Тоқаевтың бұл Жолдауы – тек экономикалық немесе саяси бағдарлама емес. Бұл – жаңа кезеңге қадам басу. Цифрлық дәуірдегі Қазақстан – тек технологиялық емес, рухани жаңарған, жауапты қоғамға негізделген мемлекет болуға бағыт алды.

Жолдауда жасанды интеллект мәселесі тек экономикалық емес, адамтанулық және этикалық тұрғыдан да қарастырылды. Президенттің «жастардың дүниетанымы мен мінез-құлқына әсер ететіні» туралы ескертуі маңызды.
Бұл тұрғыдан алғанда, цифрлық дәуірдің басты сұрағы туындайды: «Технология адамды өзгертеді ме, әлде адам технологияны ма?»Жаһандану және цифрландыру үдерісі мәдени гомогенизация қаупін тудырады. Сондықтан президент атап өткендей, ұлттық құндылықтарды сақтау – мәдени қауіпсіздік мәселесі.
Қазақ мәдениетінің дәстүрлі формалары (тіл, өнер, салт) цифрлық кеңістікке ену арқылы жаңа өмірлік цикл бастайды. Бұл – мәдени репродукцияның жаңа формасы.

Еліміздің президентінің 2025 жылғы Жолдауы – цифрлық дәуірдегі ұлттық мәдени саясаттың жаңа үлгісін ұсынды. Бұл құжат Қазақстанның рухани жаңғыруының үшінші кезеңін бастайды. Осылайша, еліміз экономикалық цифрландыру,әлеуметтік трансформация,мәдени этиканың жаңғыруы кезеңдерінен өту жолына бет бұрды.

https://farabi.university/news/94027

Балтымова М. Р,
филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,.
Маслимова А. Р,
философия ғылымдарының докторы, профессор,
Тулақбаева Қ. Ж,
Әл Фараби атҚҰУ 2-курс докторанты.

Ұқсас жаңалықтар

Фотоархив 1933 жыл

Turanart

Балалық шақтың балғын бейнесі

Turanart

Суретші Қайрат Жәйірбектің шығармалары

Turanart

Пікір жазу