Жанарбек Берістен
профессор, философия ғыл. канд.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
Халықаралық Turan суретшілер консолидациясының президенті
Көктегі Тәңір жарылқап, Жер анамыз мейірімін төгіп, Ата баба аруағы желеп жебеп, дүние жаралғаннан саралауды «О, бастан» бастасақ. Нағыз тарих пен тілдің семантикасы кез келген миф пен фольклорды, діни ертегілерді жеңіп шыға алады. Ғылым —бүкіл адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерінің жиынтығы. Сондықтан сияқты шектеулі көзқарастан арылып, ғылымға әмбебап, инклюзивті тұрғыдан қарау — уақыт талабы. Тарихи-лингвистикалық саралаумыздың міндеті — ежелгі дәуірдің поэтикалық тілін сүзгіден өткізіп, оның астарындағы құрғақ техникалық мазмұнды бөліп алу. Яғни ғылыми саралау жүйесі берген нәтиже қиял ғажайып мистиканы жоғары ғылымнан бөліп тұрған шекаранының ара жігін ашып түсінікті ету.
