TuranART халықаралық ғылыми көркемөнер порталы
ЖаңалықтарІс-шараларКөрмелерМәдениетӨнер шеберлеріӨнертану

Ташкентте Ұлы суретші Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған жиын өтті

Күздің алғашқы шуақты күні – 3 қыркүйекте Ташкент қаласында бейнелеу өнерінің әлемге танылған,  ұлы суретшісі Орал Таңсықбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараны Өзбекстан Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі ұйымдастырды.Көрмеге суретшінің Нүкістегі И.В.Савицкий атындағы музейде, Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде және Эрмитажда сақталған таңдаулы туындылары қойылды. Өзбекстан Республикасының Мәдениет және өнерді дамыту қоры бүгінгі таңда рухани құндылықтарды дәріптеуге, ұлттық мәдени мұраны сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізуге ерекше көңіл бөлуде. Аталмыш көрме осының айқын дәлелі болды.Мерейтойлық шараға өнер қайраткерлері, суретшілер, мәдениет пен қоғам өкілдері, сондай-ақ шетел елшіліктерінің өкілдері қатысты. Қазақстаннан делегация құрамында О.Таңсықбаев атындағы қордың президенті, суретші Жамбыл Натбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алпысбай Қазғұлов, Қазақстанның мәдениет қайраткері Серікбай Әлжанов және Халықаралық «Тұран» суретшілер консолидациясы атынан осы жолдардың авторы қатысты.Жиын барысында Орал Таңсықбаевтың шығармашылық мұрасы мен әлемдік бейнелеу өнеріне қосқан баға жетпес үлесі жан-жақты сөз болды. Өзбекстан жерінде руханиятқа деген ықылас күн санап артып келеді. Бай дәстүрі мен асыл мұрасын қастерлей білген халық үшін мәдениет пен өнер – болашаққа жол ашар күш. Бұған Жапония мемлекеті қолдауымен бой көтеріп жатқан Орталық Азиядағы ең ірі музейдің құрылысы да айғақ. Іс-шара аясында Өзбекстанның халық суретшісі, профессор Жавлон Умарбеков пен О.Таңсықбаев атындағы қордың президенті Жамбыл Натбаев Халықаралық «Тұран» көркемөнер сыйлығының лауреаты атанды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов О.Таңсықбаевтың мерейтойлық медалімен марапатталды. Бұл басқосу Елшіліктің мәдени бастамаларды дамытудағы маңызды рөлін айқын көрсетті. Б.Атамқұловтың арнайы шақыруымен елшілікте бас қосып, өнердің түйткілді мәселелері туралы тұшымды әңгімелер сөз болды. Сапар аясында Ташкенттегі Төле би кесенесіне және Пантеонға барып, Кенесары ханның шөбересі, атақты ғалым Нәтай Кенесарин мен Орал Таңсықбаев рухына тағзым етілді. Пантеонға апарған елшілік қызметкері Санжар бауырымыз көптеген мәдени ақпараттар беріп өзінің көзқарықтылығымен бәрімізді разы етті. Сондай-ақ К.Бекзода атындағы көркемөнер университетінде профессор, халық суретшісі Бахадүр Жолановтың дәрісін тыңдап, студенттердің дипломдық жұмыстарымен танысу мүмкіндігі туды.Өзбек халқы ежелден қонақжайлығымен танымал. Делегация мүшелерін Ташкентке келген сәттен бастап Нәдір, Ерік, Сайдбек сияқты жас суретшілер ыстық ықыласпен қарсы алып, халық суретшісі, профессор Сабыржан Рахметов бастаған шығармашыл қауым ғасырлар бойы шынар ағаштарымен көмкерілген тарихи шайханада дастархан жайды. Дәстүрлі өзбек тағамдары – палау, самса, лагман және сан түрлі жеміс-жидек қонақ күтудің ерекше белгісі ретінде ұсынылды.Өзбекстан барлық салады жаңғырып даму үсінде.Мемлекет ретінде, ұлт ретінде дамудың сара жолына түскені анық көрініп тұр.

Жанарбек Берістен

Әл Фараби атҚҰУ профессоры,ф,ғ,к.

Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының лауреаты

Ұқсас жаңалықтар

Цифрлық өркениет дәуіріндегі Қазақстан

Turanart

Қазіргі кездегі өнер мен мәдениеттің даму ерекшеліктері

Turanart

Әлемдік сурет өнерінің жаңа бағыты

Turanart

Пікір жазу