TuranART халықаралық ғылыми көркемөнер порталы
Мәдениет

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті бис-те көрсетіледі

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті бис-те көрсетіледі

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті жанкүйерлерге керемет әсер сыйлады. Шоу 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 20:00-де қайтадан көрсетілетін болады.

Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.

Tixr стримингтік платформасы мен Димаш «DIMASH DIGITAL SHOW» қайталауын көрсетеді.

Билеттері бар жанкүйерлерге қайтадан билет сатып алудың қажеті жоқ. Олар бис-шоуды қолда бар билеттер бойынша тамашалай алады. Оларды сатып алуға әлі үлгермеген жанкүйерлерге 31 қаңтарға дейін сатып алу ұсынылады, — делінген хабарламада.

31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 22:30-да «DIMASH DIGITAL SHOW» көрсетілімінен кейін көптен күткен «Post-Show Q&A session» тікелей эфирі өтеді. Іс-шара барысында жанкүйерлер Димашты көруге, оған сұрақтар қоюға, онлайн-концерт туралы әсерлерімен бөлісуге, сондай-ақ әртістің жоспарлары туралы білуге мүмкіндік алады.

«Post-Show Q & A session» билеттері dimash.tixr.com. сайтында қол жетімді, олардың сатылымы кез келген уақытта жабылуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

«ЖЕР» ҒАЛАМШАРЫНАН КЕЛГЕН АДАМ

Turanart

Әубәкір Ысмайылов графикасындағы қазақ эпосы

Turanart

Десятки картин об Астане нарисовали зарубежные художники за несколько дней

admin_turan_kz

Пікір жазу