TuranART халықаралық ғылыми көркемөнер порталы
Жаңалықтар

Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған сурет көрмесі өтті

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Н.Сац атындағы Балалар және жасөспірімдер академиялық театрында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Отқа оранған жастық шақ» тақырыбындағы сурет көрмесі өтті.

Көрмеге Ауған соғысының ардегерлері, жас суретшілер қатысты. Іс-шарада Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ринат Кенеев құттықтау сөзін сөйлеп, ардагерлерді және ұжымды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы еңбектері үшін Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының оқытушылары Базар Ырыстанұлы (Шығармашылық жұмысы: Бейбітшілікті аңсау) «Ауғанстан ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің батыр Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен, Ернат Иманбакиев (Шығармашылық жұмысы: Достар әні) «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен және құрмет громаталарымен марапатталды.

Көрмеге қойылған жас оқытушылар жұмыстары көрермендер тарапынан жоғары бағасын алып, «Ауғанстан ардагерлері» ұйымының қорына берілді.

Дереккөз: www.egemen.kz

Ұқсас жаңалықтар

Загадочные геоглифы Тургая

admin_turan_kz

ВИЗУАЛЬНОЕ ИСКУССТВО КАЗАХСТАНА XXI В.: НОВЫЕ СМЫСЛЫ И НОВЫЕ КУЛЬТУРНЫЕ КОДЫ

admin_turan_kz

“Еліміздің астанасы — ұлы дала жүрегі”

Turanart

Пікір жазу